Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теміртауда бір күнге мұражай қалашығы ашылады

2021 жылдың 10 маусым 2021 02:48

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – 10 маусымда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайының алдындағы алаңда «Мұражай қалашығы» іс-шарасы өтеді. Мұражай 16 жыл қатарынан балалар мен ата-аналар үшін әр жазда демалыс күндері ұйымдастырып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындар жеті ойын-сауық, зияткерлік, шығармашылық және интерактивті алаңдарды тамашалайды. Жәрмеңке алаңында көптеген ежелгі жәдігерлерді көруге және сауда өнерін үйренуге болады.

Таңғажайып экспонаттар құпия қораптарға салынып, жасырылады, ал ойынға қатысушылар кәсіпқойларға оның не екенін анықтауға көмектеседі.

Эко-стансада келушілерге қаланы қоқыстардан қалай тазарту керектігі айтылады және өздерін эколог ретінде сынап көруге мүмкіндік береді.

Үстел ойындарының жанкүйерлері үшін тарихи лото ұйымдастырылады. Бұл ойында туған қаласының тарихын жақсы білетін адам жеңімпаз атанады.

Арт-студияда мұражай қызметкерлері келушілермен бірге достықтың ұлттық кілемін жасайды.

Ал, «Қалалық стадионда» күш, ептілік пен жылдамдықты тексеруге болады.

Сондай-ақ, қала қонақтары үшін суперпазлдар мен «Алтын адам» фотоаймағы қол жетімді болады.

Іс-шара сағат 11:00-де басталып, үш сағатқа созылады.

Қалашық барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады.


Жоғары қарай