Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Темір тұзақпен суыр аулаған Ақмола облысының тұрғыны ұсталды

2021 жылдың 7 тамыз 2021 20:14

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында темір тұзақпен суыр аулаған Бурабай ауданының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 тамыз күні криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы заңсыз аңлау бойынша рейд жүргізу кезінде бұрын ҚР ҚК 1-бөлімі 188-бабы бойынша сотталған 46 жастағы Бурабай ауданының тұрғынын ұстады.

«Браконьер Қарабауыр ауылынан бес шақырым жерде жайылымда жүрген кезінде заңсыз аң аулаумен айналысқан – қолдан жасалған темір тұзақпен суыр аулаған. Қаскүнемнен тыйым салынған аңшылық құрал саналатын бес темір тұзақ және үш суырдың терісі тәркіленді», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 4-бөлімі 337-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша соталды тергеу басталды. Оған процессуалдық шара ретінде сотқа келу міндеттелді.

Мұндай браконьерлердің әрекеттері заңсыз атқыштардың әрекеттері сияқты қауіпті. Олар өздеріне назар аудартпау үшін аң аулауға қарусыз шығады.

Ал темір тұзақпен ауланған аң қиналып өледі. Тұзақ үзіліп кетсе, ол әрі қарай жануардың мойынында қалып қояды.

Ол іріңдеуге және аңның сепсистен өлуіне алып келеді.

«Браконьер» жедел-алдын алу шараларының бар болғаны үш күнінде балық аулау ережелерін бұзудың 42, аң аулау ережелерін бұзудың 87 фактісі анықталып, екпе ағаштарын заңсыз кесу бойынша бес әкімшілік хаттама толтырылды.

Жоғары қарай