Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Телеарналар арқылы білім алу туралы жақсы пікірлер айтылуда - БҒМ

2020 жылдың 6 сәуір 2020 18:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде ең маңызды мәселенің бірі – ауылдық жерлердегі оқушыларды қамту. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таңғы 09:00-ден бастап теледидар арқылы оқу басталды. Оның алдында берген кесте бойынша жұмыс жүргізе бастадық. Балапан, Ел арна арқылы оқу жоспарына сәйкес сабақтар өтті. Бұл мәселе бойынша көп оқушы қамтылды деп айтуға болады. Тиісті сауалнама жүргізген болатынбыз. Сол сауалнамаға сүйенетін болсақ: интернетпен жұмыс істеген балалардың өздері қосымша ретінде теледидарды да қарап, ақпарат алғандары туралы айтқан» - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Орталық коммуникациялар орталығында.

Оның айтуынша, ең маңызды мәселенің бірі – ауылдық жерлердегі оқушыларды қамту.

«Бүгін түске қарай бірнеше елді мекендерге телефон соғып, ата-аналармен, ұстаздармен сөйлесіп, ақпарат алдым. Балапан, Ел арна телеарналары арқылы білім алғандары туралы жақсы пікірлер айтылып жатыр. Осы телеарналар арқылы ары қарай жа жұмысымызды жүргізетін боламыз», - дейді Асхат Аймағамбетов.


Жоғары қарай