Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Текелінің қоғамдық орында ішімдік ішкен азаматтар қамауға алынды

2019 жылдың 24 қазан 2019 19:23

ТЕКЕЛІ. ҚазАқпарат – Текелі қаласында қоғамдық орында ішімдік ішкен азаматтар қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігімен Текелі қаласының азаматтары А мен Б.-ға қатысты және ҚР ӘҚБтК 434-бабының 2-бөлігімен азамат Д.-ға қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушылар Текелі қаласы, Әуезов көшесінде орналасқан саябақта алкогольдік ішімдік ішіп, аулаға яғни белгіленбеген орынға бөтелкені тастаған.

Сонымен, Д. әкімшілік жаза бергелі бір жыл өтпей, қайталап ортақ пайдалану орнын ластап қасақана ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушылылар әкімшілік құқық бұзушылықты жасағанын толық мойындады.

Соттың қаулысымен азаматтар А. және Б. ҚР ӘҚБтК-ң 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып 3 (үш) тәулікке, ал азамат Д. ҚР ӘҚБтК-ң 434-бабының 2-бөлігімен 5 (бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев қоғамдық орында үш ер адамның алкаголді ішімдікті ішіп жатқан жерінен бейнежазба жариялаған болатын.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Қоғам, Алматы облысы,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920