Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Текеліде үш жігіт қараусыз қалған шахтада көз жұмды

2019 жылдың 24 наурыз 2019 16:07

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысындағы Текелі қаласында үш жігіт шахтада қайтыс болды. Марқұмдардың денесі қараусыз қалған кен орнынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиғаны растаймыз. Қайғылы жағдай бүгін болды. 25-26 жастағы жігіттер Талдықорған қаласының тұрғындары болып шықты. Олар Текелі тауларына қыдырып келіп, қызығушылықпен шахтаға кірген. Бұл шахталар жұмыс істемейді. Нақты жігіттердің өліміне не себеп болғанын арнайы құзырлы органдар, сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев ҚазАқпарат тілшісіне.

Бастапқы болжам бойынша, үш жігіт шахтаның ішіндегі улы газға уланып көз жұмуы мүмкін.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Алматы облысы,
Жоғары қарай