Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Текеліде салынатын Махаббат көпірінің тұсына қос аққу келіп қонды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 08:38

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Текелі қаласындағы Қаратал өзенінің бастауында, Қараой мен Чажы өзендерінің қосылған жерінде екі аққу жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары бірегей табиғи көрініске куә болды. Қала әкімі Бақтияр Өнербаевтың айтуынша, ерекше әдемі құстар жұбы Махаббат көпірі салынады деп жоспарланған орынға тоқтаған.

«Бұл жай ғана кездейсоқтық емес. Мен мұны жақсы белгі және қаламыз үшін тарихи сәт деп санаймын. Құрметті қала тұрғындары, аққуларды үркітпеуді өтінемін. Олар осында қалып, ұя салып, гүлдену мен бақыттың символына айналуы үшін жағдай жасайық», - деді ол.


Жоғары қарай