Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Текелі қаласында жер сілкінді

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 23:45

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 22 сағат 58 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сейсмологтар хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 227 шақырымда, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 8.7. MPV магнитудасы 4.0. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі Алматы облысының Текелі қаласында 2 балл.



Жоғары қарай