Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 12:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Арман Абайұлы Шаққалиев басқа жұмысқа орналасуына байланысты ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған. Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап «Қазақстан метрология институты» РМК директоры ретінде жұмыс істей бастаған.

2008 жылғы маусымнан бастап 2016 жылғы сәуірге дейін «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарған.

2016 жылғы сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

2018 жылғы шілдеде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып қызмет етті.


Жоғары қарай