Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Тегін дәрі-дәрмек: Алғашқы екі айда науқастарға 1,1 млн рецепт жазып берілді

2019 жылдың 14 наурыз 2019 17:43

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Фармация комитеті төрағасының орынбасары Ержан Жүнісов тегін дәрі-дәрмекті науқасқа жеткізу мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тегін дәрі-дәрмекті алу құқығы 2019 жылға арналған тізімге сәйкес, 1184 позицияны құрап отыр. Бұл диспансерлік есепте тұрған, сонымен қатар стационарлық емделудегі жалпы пациенттерге қатысты болып келеді. Тегін дәрі-дәрмекпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың тамыз айынан бастап толығымен сатып алу процедурасы басталып, қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер медициналық ұйымдарға жөнелтіліп жатыр. Сол секілді осы жылға бөлінген қаражат бойынша дәрі-дәрмектердің 94 пайызы сатып алынып, тиісті жұмыстар ары қарай жалғасуда», - дейді Ержан Жүнісов.

Комитет төрағасының орынбасары атап өткендей, амбулаториялық қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылып отыр.

«Медициналық ұйымдар 499 дәрі-дәрмек түрінің қажеттігі туралы хабар берген болатын. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектерді жөнелту қаңтар айынан бастап жүргізілуде. Қазіргі уақытта 25,4 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Жылдың алғашқы екі айында 4,9 млрд теңге сомаға 1,1 млн рецепт жазып берілген», - дейді Ержан Жүнісов.

Оның айтуынша, 2019 жылға Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алу кезіндегі үнемдеу көлемі 19,6 млрд теңгені құраған.

«Алдағы уақытта үнемделген қаражат денсаулық сақтау министрлігінің бюджеттік комиссиясының қарауына шығарылатын болады. Бұл қаражатты тапшылық анықталған жағдайда дәрі-дәрмектерді қосымша сатып алуға немесе медициналық ұйымдардың басқа да мұқтаждықтарына бөлу туралы мәселе қаралады», - деп түсіндірді Ержан Жүнісов.

Еске сала кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектің сатылымға шықпауын қадағалауды күшейткен болатын. Министр Елжан Біртановтың айтуынша, науқастар тегін дәрі-дәрмекті алғанын SMS арқылы растайды.

Жоғары қарай