Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Тәжікстандағы қазақстандық студенттер елге қалай жетеді - ҰҚК жауабы

2020 жылдың 25 мамыр 2020 19:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжікстанда оқитын Қазақстан азаматтары ұшақ болмаған жағдайда Өзбекстан арқылы шекарадан көлікпен өтеді.

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Instagram парақшасында карантиндік шектеулер кезеңіндегі мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі бойынша онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәжікстанда оқитын Қазақстан азаматтары ұшақ болмаған жағдайда Өзбекстан арқылы шекарадан көлікпен, Тәжікстан мемлекетінің қызметкерлерімен байланысқа шығу арқылы өте алады», - дейді ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаментінің орынбасары Ғани Ағаділов.

Ол шетелден келген студенттің карантинде болатыны туралы айтты.

«Жалпы карантинге аурухана немесе шипажайға жатқызу Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында. Автомобильдік өткізу пунктерінде санитарлық-карантиндік бекет қызметкерлері шетелден келген студенттерді тиісті орындарға жібереді», - дейді ол.


Жоғары қарай