Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Тәжікстанда шекара заставасына шабуылдаған топтың ДАИШ террористері екені анықталды

2019 жылдың 6 қараша 2019 16:27

ДУШАНБЕ. Ховар–ҚазАқпарат – Тәжікстанда «Ишкабад» №4 шекара заставасына шабуылдаған қарулы топтың ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лаңкестері екені анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара әскерлерінің баспасөз орталығының мәлімдеуінше, ұсталғандарды тергеу кезінде «Сұлтанабад» шекара отряды әскери бөлімінің №4 «Ишкабад» шекара заставасына шабуыл жасағандардың барлығы «ДАИШ» террористік тобының арнаулы тапсырмасымен мемлекет шекарасын 2019 жылғы 3 қараша күні түнде заңсыз бұзып кіргені анықталған. Агенттіктің хабарлауынша, лаңкестердің барлығы — ДАИШ мүшелері.

Олар өздеріне «Ишкабад» шекара заставасын қолайлы санап, соған қарулы шабуыл жасаған.

Қазір жедел тергеу тобы тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, 6 қарашаға қараған түні сағат 03:23-те белгісіз 20 адамнан тұратын қарулы топ Тәжікстанның «Сұлтанабад» шекара отряды әскери бөлімінің №4 «Ишкабад» шекара заставасына шабуыл жасағанын хабарлаған едік.

Күш құрылымдарының жедел әрекет етуінің арқасында қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, 5-еуі қамауға алынған.

Жоғары қарай