Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәжікстан және Қырғызстан делегациялары екі елдің шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша бірлескен мәлімдеме жасады

2021 жылдың 1 мамыр 2021 22:50

ДУШАНБЕ-БІШКЕК. ХОВАР- КАБАР -ҚазАқпарат – 1 мамыр күні Қырғыз Республикасының Баткен қаласында Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К.Ташиев пен Тәжікстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы С. Ятимовтың басшылығымен екі елдің шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша Үкіметтік делегациялардың кезекті отырысы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховар агенттігіне сілтеме жасап.

Шекаралас аймақтағы жағдайды талқылау барысында қос тарап та болған жайға өкініш білдіріп, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтты. Осындай жағдайдың қаталануына жол бермеу керектігі айтылды.

Екі тарап та дереу әскери техникаларды олардың тұрақты орнына қайтаруға уағдаласты.

Ховар агенттігінің мәлімдеуінше, кездесу барысында тәжік-қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша пікір алмасу болды. Топографиялық жұмыс топтарына жақын арада қалған учаскелердегі мемлекеттік шекараны түсіруге кірісу тапсырылды.

Кабар агенттігінің мәліметінше, қос тарап екі бауырлас халықтың көне тарихына көз жүгірте отырып, арадағы қалған шекараға қатысты мәселені шешуде бір-біріне түсінушілік және сенім танытуға дайын екендіктерін айқын білдірді.

Айта кетейік, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды.

Кейін Қырғызстанның Баткен облысы Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісе түскені, ел азаматтары Исфара-Ворух тасжолын жауып тастағаны хабарланды.

29 сәурде Баткен облысындағы қақтығыс аймағынан эвакуацияланған қырғызстандықтардың саны 848 адамды құрады.

Осы күні Қырғызстан мен Тәжікстан сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді



Жоғары қарай