Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәжікстан Ауғанстанмен шекарадағы жағдайға алаңдап отыр

2021 жылдың 30 қазан 2021 15:51

ДУШАНБЕ. Ховар-ҚазАқпарат – 29 қазанда Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Маргарета Седерфельтті қабылдады. Бұл туралы Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ховарға сілтеме жасап.

ЕҚЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Қарым-қатынастарды кеңейту үшін парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызы атап өтілді.

Олар COVID-19 пандемиясының экономикаға әсері, климаттың өзгеруі, шекара қауіпсіздігі, терроризм мен экстремизмге, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына қарсы күрес сияқты қазіргі заманның сын-қатерлеріне бірлесіп қарсы тұрудың маңызын атап өтті.




Сондай-ақ, адам құқықтары, гендерлік теңдік және қоғамның саяси және экономикалық өміріндегі әйелдердің рөлін арттыру мәселесі талқыланды.

Кездесу барысында Ауғанстандағы соңғы оқиғалар қаралды. С. Мухриддин осы елмен шекарадағы алаңдатарлық жағдай туралы М.Седерфельтті хабардар етті.

ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздікке кешенді тәсілінің үш өлшемі аясында ынтымақтастықты арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануға дайын екені айтылды.


Басты сөздер: Ауғанстан, Тәжікстан, Әлем,
Жоғары қарай