Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таза Қазақстан: Ақмола облысында 376 заң бұзушылық анықталды

2020 жылдың 5 тамыз 2020 05:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында «Таза Қазақстан» жедел алдын алу шарасы барысында табиғатты қорғау саласында 376 заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде 24 шілде және 30 тамыз аралығында «Таза Қазақстан» жедел алдын алу шарасы шеңберінде экологиялық рейд өтуде.

Осы мақсатта Ақмола облысында жергілікті полиция қызметі, экология департаменті, аудандық әкімдіктер, ТЖ бөлімдері қызметкерлері мен қоғам белсенділері және журналистерден құралған мобильдік топ құрылды.

Шараның мақсаты, экологиялық жағдайды жақсарту және табиғат аясына болғанда мәдениеттілік деңгейін көтеруді түсіндіру.

«Бірлескен рейді кезінде Ақмола облысында табиғатты қорғау саласында 376 заң бұзушылық анықталды. Оның 171-і ҚР ӘҚбК 505 бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережесін бұзу) бойынша.

Тәртіп сақшылары Щучье-Бурабай курортты аймағы, Зеренді демалыс аймағы және Қопа көлінің жағажай аумағында 153 заң бұзушылықты тіркеді.

Бұдан бөлек, рейд кезінде 44 азаматтың жағажай аумағы мен қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүргені анықталды. Суды пайдалану ережесінің 108 рет бұзылғандығы, қоғамдық орындарды ластаудың 45 жағдайы анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Рейд барысында жағжайлар мен саябақтар және қоғамдық орындар тексерілетін болады. Сонымен қатар, мобильдік топ карантин талаптарының сақталуына назар аударады. Бұл бағыттағы жұмыстар тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Жоғары қарай