Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қауіп келтірмейтін қылмыс жасағандарға амнистия жүргізіледі

2020 жылдың 29 қазан 2020 15:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алқа мәжілісінде Президент Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елордалық полиция департаментіне жаңа ғимарат салу мәселесін тапсырды.

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін жан-жақты әлеуметтік қолдау негізгі міндеттердің бірі екенін айтты. Президент тәртіп сақшыларына баспана жалдауға өтемақы ретінде 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінетінін жеткізді. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы мақсаттарға қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл шара аясында кезекші бөлімнің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қамтылып, жалпы 8 мың адамға қолдау көрсетіледі.


Жоғары қарай