Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздікке - 30 жыл: Маңғыстауда ауыл балалары велосипед теуіп жарысты

2021 жылдың 14 маусым 2021 21:01

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қарақия ауданындағы Болашақ ауылында 6-13 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында веложарыс өтті. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Болашақ ауылының әкімі Түзелбай Сағиевтің мәліметінше, веложарыс жас ерекшеліктеріне қарай 6-9 жас пен 10-13 жас аралығындағы оқушылар арасында өтті.

Негізгі мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларды шымыр болуға тәрбиелеу.

Жарыс соңында команда жеңімпаздары анықталып, қатысушыларға дипломдармен арнайы сыйлық табысталды.

«Мектеп оқушылары арасында өткен сайысқа демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге, ұйымдастырушылар мен барлық атсалысқан азаматтарға алғысымды білдіремін», - дейді ауыл әкімі.

Болашақ ауылының кәсіпкерлері жасөспірімдер арасындағы спорттық шараларға демеушілік көрсетіп жүр.





























Жоғары қарай