Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздікке 30 жыл: Маңғыстау облысының Батыр ауылында 20 тұрғын үй қолдануға беріледі

2021 жылдың 11 қазан 2021 21:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Мұнайлы ауданы Батыр ауылының 10 жылдығы мерекеленеді. Осы орайда Батыр ауылында салынып жатқан 4 пәтерлі 20 тұрғын үй жыл соңында қолданысқа беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың мәліметінше, мереке қарсаңында 80 пәтердің кілті көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасыларға кезек бойынша беріледі.

«Қазір құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Инженерлік желілер толық тартылған. Аулаларды аббаттандыру жұмыстары қалды. Жақын арада 80 отбасы қуанышқа кенеліп, баспаналы болады деп жоспарлап отырмыз», - деді Рахат Елтизаров.

Жаңа пәтерлер 2 бөлмеден тұрады. Бір баспана шамамен 65 шаршы метрді құрайды.


Жоғары қарай