Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздік жылдары Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы саласы қалай дамыды

2021 жылдың 24 қараша 2021 12:25

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы еліміздің ірі агроөнеркәсіптік өңір саналады және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосуда. Ел егемендігін алғаннан бергі уақытта облыста ауыл шаруашылығындағы негізгі көрсеткіштердің өсу үрдісі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Осы саладағы жалпы өнім көлемі 1991 жылғы 11,3 миллион теңгеден 2020 жылы 672 миллиард теңгеге дейін өсті. Прогрессивті агротехникалық технологияларды енгізудің арқасында дәнді дақылдардың өнімділігі 1991 жылғы гектарынан 6,1 центнерден 2020 жылы 11,6 центнерге дейін артты. Суармалы жерлердің ауданы 29,5 мың гектарға дейін, тұқым себу алаңы - жалпы егіс алаңының 92 пайызына дейін ұлғайтылды. Сонымен бірге, өңірде ет, сүт және құс шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, соңғы он жылда мал, құс санының және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндірудің айтарлықтай өсуі байқалады.

«Бүгінде Ақмола облысының ет өндірісінің республикалық көлеміндегі үлесі орта есеппен 12 пайызды, сүт – 6,5 пайызды, жұмыртқа-16,5 пайызды құрайды, бұл ретте өз қажеттіліктерін ғана емес, астананы да қамтамасыз етеді. Өңір республикада мал бордақылау бойынша үлкен әлеуетке ие-бір мезгілде 36,5 мыңнан астам ірі қараны бордақылай алады. Тек 2018 жылдан бастап облыста 278 ет фермасы құрылды. Биылғы жылы 5,3 мың бас етті бағыттағы ірі қара мал сатып алынып, 102 ет фермасы құрылды. Алдағы бес жылда тағы 700 ферма ашу жоспарланған», - деп атап өтті облыстық ведомстводан.

Сүт өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін облыста жалпы сиыр басы 14 мың болатын 56 мамандандырылған сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Биылғы жылы сауын сиырларының санын 2,1 мың басқа ұлғайта отырып, 17 сүт-тауар фермасының қуаты құрылып, кеңейтілді.

Етті құс шаруашылығын дамыту мақсатында 2018 жылы Макинск құс фабрикасы іске қосылды. 2020 жылы қуаттарды жылына 56 мың тоннаға дейін кеңейту бойынша екінші кезекті іске қосқаннан кейін, құс фабрикасы Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін 22 пайызға дейін қамтамасыз ете отырып, Орталық Азиядағы тауық етін өндіру көлемі бойынша ірі кәсіпорынға айналды. Үшінші кезеңді іске қосу басталды, оны іске қосу 2023 жылы құс етін өндіру көлемін 75 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан маңында азық-түлік белдеуін құру өңірді дамытудың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Ақмола облысы елордаға сүт, ет өнімдерінің, көкөністердің үштен бір бөлігін жеткізеді, жұмыртқа мен картоппен толықтай қамтамасыз етеді.



Жоғары қарай