Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға қанша қандасымыз көшіп келді

2020 жылдың 27 қазан 2020 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1991 жылдан бері елімізге 1 миллионнан астам қандас көшіп келді. Бұл туралы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қайрат Бодаухан айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшіп келген оралмандардың демографиялық үлесінің арқасында тәуелсіздік жылдары теріс көші-қон сальдосы деңгейін 28% төмендете алдық. Сонымен бірге, алдағы уақытта да Көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, шетелде тұратын этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы өсетін болады», - деді Қайрат Бодаухан «Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы қоғамдық комиссияның отырысында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірген деректерге сәйкес, 1991-2019 жылдары Қазақстанға 1 057 288 қандас көшіп келген.

Алайда, 2012 жылдан бастап жалпы республика аумағынан кетушілер саны елге келушілер санынан едәуір асып кеткен.

«Жоғарыда аталған Тұжырымдама қабылданған сәттен бастап, яғни 2017 жылдан бастап, жыл сайынғы көші-қонның теріс сальдосы тұрақты түрде өсіп келеді және минус 30 мың адамға жеткен. Тек өткен жылы елден 45 225 адам көшіп кеткен», - дейді Қ. Бодаухан.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның 7 облысына 1378 этникалық қазаққа өңірлік квота беріліп отыр.


Жоғары қарай