Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тау-кен металлургия саласында қосылған құны жоғары өнім өндірісіне баса назар аудару қажет

2021 жылдың 20 қазан 2021 12:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тау-кен металлургия саласында қосылған құны жоғары өнім өндірісіне баса назар аудару қажет. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қосылған құны жоғары өнім өндірісіне баса назар аудара отырып, еліміздің тау-кен металлургия саласына трансұлттық компанияларды тарту - бұл бағыттағы негізгі міндет болуы тиіс. Бұл қадам ел ішінде металдарды қайта өңдеу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді вице-министр елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі барысында.

Сонымен қатар ол ресурс және энергия үнемдеу саясатын енгізу, еліміздің көміртегі бейтараптығын қамтамасыз ету маңызды аспекті саналатындығын атап өтті.

«Келешек ұрпақ үшін қатты пайдалы қазбаларды сақтау мақсатында бүгінде энергетикалық шығындарды барынша төмендете отырып, пайдалы шикізаттарды толықтай өндіруге бағытталған жаңа технологияларды қолдану қажет. Қоршаған ортаны қорғау және сақтау өнеркәсіптік экономиканың болашақта тұрақты дамуы үшін маңызды алғышарт саналады. Бұл үшін қазірден бастап-ақ экномикалық өсім мен жасыл экономика саясатын жүзеге асыру арасындағы теңгерімге қол жеткізу керек», - деді Әділбек Сәрсембаев.


Жоғары қарай