Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Татарстанда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, бірнеше адам қаза тапты

2021 жылдың 10 қазан 2021 14:40

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Татарстанда Мензелинск қаласында РЭС базасы маңында әуе клубына тиесілі L-410 ұшағы құлады, деп хабарлады ТАСС-қа жедел қызмет.

«Мәскеу уақытымен 09:11-де Мензелинскіде әуе клубына тиесілі жеңіл моторлы L-410 ұшағы құлады. Бортта 20 адам болған, олардың басым бөлігі – парашютшілер», - деді агенттік дереккөзі.

Бортта 23 адам болған, соның ішінде 21-і – парашютшілер. Құтқарушылар ұшақтан жеті адамды шығарып алған, 16 адамның тағдыры белгісіз. «Өрт сөндіру – құтқару жасағы тағы төрт адамды құтқарып қалды. Барлығы жеті адам аман қалды», - деді ТАСС-қа агенттік дереккөзі.

Бұған дейін жедел қызметтегі дереккөз 19 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ, ол ұшақтың жергілікті әуе клубы аэродромынан ұшқаннан кейін бірден құлағанын айтты. Агенттік дереккөзінің мәліметінше, ұшақ бір шақырымдай ғана ұшып үлгерген, әуе кемесі құлаған кезде фюзеляжі қираған. Ұшақ 1987 жылдан бері пайдаланылып келеді.


Басты сөздер: Ресей, Оқиға,
Жоғары қарай