Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тасмания аралында киттер жаппай қырылып жатыр

2020 жылдың 22 қыркүйек 2020 14:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралиядағы Тасмания аралының батыс жағалауында 270-ке жуық кит таяз суда қалып қойған. Салдарынан олардың 90-ы өлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Ғалымдар қырылған сүтқоректі жануарлардың саны көбейетініне алаңдап отыр. Жергілікті теңіздегі табиғатты қорғау қызметінің құтқарушылары дүйсенбі күні Маккуори мүйісінде киттердің үш тобын анықтаған. 200-ге жуық кит құмды суы таяз жерге шығып кеткен. Тірі қалған киттерді құтқару бойынша күрделі операцияның бірнеше күнге созылатыны күтіліп отыр.

Киттердің Тасмания жағалауына қалай келгені белгісіз. Оларды құтқару жұмыстарына 40 маманнан құрылған команда жұмылдырылды. Арал билігі көмекшілерінің жеткілікті екенін айтып, жұртшылықты оқиға орнынан алыс жүруге шақырды.


Басты сөздер: Оқиға, Олимпиада-2020, Әлем,
Жоғары қарай