Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ташкентте ұзындығы 10 метр мега кәуап пісірілді

2020 жылдың 19 қазан 2020 01:24

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында тағам фестивалінде өзбек аспаздары ұзындығы 10 метр кебаб (кәуап) әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жексенбі күні Өзбекстан астанасындағы «Навруз» саябағында «Kabob sayli» гастрономия фестивалі өтті, онда аспаздарға арнайы алаң жабдықталды.








Кәуапты әзірлеуге жиырмаға жуық аспаз жұмылды. 10 метрлік істікке етті шаншып болған соң, оны арнайы қақтайтын мангалға қойды. Шоққа қақталған кәуаптың ұзындығы 10 метр болды. Оны фестиваль ұйымдастырушылар растады.

Шара кезінде қолөнер шеберлері, суретшілер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ән-күй ойналды.

Еске сала кетсек, 2017 жылы күзде Ташкентте палау басудан рекорд орнатылды. 50 аспаз бір қазанда 7 тонна 360 келі палау пісіріп, жетістіктерін Гиннестің рекордтар кітабына жаздырды.











Авторы Мирас Қуандықов


Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Өзбекстан,
Жоғары қарай