Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ташкентте 200-ден астам білім мекемесі карантинге жабылды

2021 жылдың 4 мамыр 2021 20:21

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте студенттер, мектеп оқушылары және мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі тәрбиеленушілер арасында коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді. Осыған байланысты ондағы 200-ден астам оқу мекемесі карантинге жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат және қоғам денсаулығы қызмет басқармасының өкілі Нодир Султонмуродовтың мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ташкентте орта білім беретін 135 мекеме, жоғары білім беретін 35 оқу орны, 22 мектепалды білім беру мекемесі, 3 емдеу-алдын алу мекемесі және қызмет көрсетудің 2 нысаны коронавирус жұқтыру оқиғаларының расталуы себебімен екі аптаға жабылды», - деп хабарлады Өзбекстан санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өкілі.

Оның айтуынша, күн сайын Ташкентте COVID-19 вирусын анықтау бойынша 8000-ға дейін зертханалық тест өткізіледі, соның ішінде 2,5−3,5 пайызынан вирус анықталып отыр.

Еске сала кетсек, 27 сәуірден бастап Самарқанда мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің арасында коронавирусқа шалдығу оқиғаларының көбеюіне байланысты қаланың барлық мектептері мен балабақшалары карантинге жабылды.

Бұдан басқа, Өзбекстанда коронавирусқа шалдыққан 20-45 жас аралығындағы пациенттер саны екі есеге жуық өскен.


Жоғары қарай