Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған 23 адам күзетілетін палаталарда ем алып жатыр

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 11:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтардың басындағы тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған 23 адам күзетілетін палаталарда ем алып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның ақпарат алаңындағы онлайн брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция күштері мен әскери қызметшілер елде құқықтық тәртіпті орнату бойынша ауқымды операциялар жүргізді. Тергеу изоляторының ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына түскен барлық адамдар COVID-19 вирусына ПТР-тестерінің теріс нәтижесімен қабылданады және міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді», - деді министрліктің ресми өкілі.

Оның айтуына қарағанда, дене жарақаттары немесе аурулары анықталған кезде оларға дереу медициналық көмек көрсетілуде.

«Әрбір осындай факт туралы прокуратура органдарына хабарланады. Мекемеде білікті медициналық көмек көрсету болмаған жағдайда олар азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіліп, күзетілетін палаталарда емделеді. Бүгінде осындай тәртіппен 23 адам ем алуда», - деді Нұрділдә Ораз.


Жоғары қарай