Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тәртіпсіздік кезінде қамауға алынған 31 адам ауруханада емделіп жатыр - ІІМ

2022 жылдың 22 қаңтар 2022 18:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қамауға алынған 31 адам бүгінде ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік барысында полиция және әскери қызметшілер елде тәртіпті орнату үшін ауқымды операция жүргізді. Құқық қорғау органдары тергеуді әлі аяқтаған жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде сот шешімімен күдікті адамдар қамауға алынды. Аталған адамдар тергеу изоляторына қабылданған кезде міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, ПТР тестінің теріс нәтижесімен қабылданады», - деді Мейрам Аюбаев ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, дене жарақаты немесе қандай да бір ауру анықталған кезде оларға міндетті түрде медициналық көмек көрсетіледі.

Және ол туралы прокуратураға хабарланады.

«Мекеме тиісті медициналық көмек көрсете алмаған жағдайда олар азаматтық ауруханаларға жеткізіледі және арнайы күзетпен емделеді. Бүгінгі таңда осындай 31 адам бар, оның 29-ы Алматы қаласының ауруханаларында, бір-біреуден Қызылорда және Атырау қалалық ауруханасында жатыр. Олар дене жарақатын тергеу изоляторына келгенге дейін алды. Біз оларды қамауға алғанда анықтап тіркедік және прокуратураға хабарладық», - дейді ол.


Жоғары қарай