Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тараздық оқушы бизнес жобасын жүзеге асыруға 2 млн теңге ұтып алды

2019 жылдың 31 қазан 2019 23:36

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің он екінші сынып оқушысы Дана Құрманбек құрғақ сарысу өндіретін бизнес-жобасын жүзеге асыруға екі миллион теңге ұтып алды. Оның бизнес-бастамасына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдау танытып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жас бизнесмен өз идеясын жақын арада іске асыруды жоспарлап отыр. Жоспарын жүзеге асыруға инвестиция дайын дейді ол.

«Біздің елге құрғақ сүт сарысуы Ресей мен Беларусьтен импортталады. Ал оны өзіміз өндіре бастасақ қосымша шығыннан арылар едік. Құрғақ сарысу 150-ден астам өнім түрлерін шығаруға қолданылады. Бұл - косметикалық және фармацевтикалық құралдар, шұжық және кондитерлік өнімдер, балмұздақтың түрлері», – дейді Дана.

Айта кету керек, Дана Құрманбек - бағдарламаның ең жас қатысушысы. Оның жасы небәрі он сегізде. Данамен қатар байқауға зейнет жасына дейінгі тәжірибелі кәсіпкерлер де қатысқан. Оқушы бизнес-жоспарын жетекшісі, экономика пәнінің мұғалім-модераторы Әлия Жусанбаеваның басшылығымен мұқият құрып, есептеген.

«Сүт өнімінің қалдықтарын қайта өңдеу арқылы құрғақ сарысу өндіру жобасын Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жүзеге асырғалы отырмыз. Еңбегіміз болашақта өңірдің және елдің экономикасына ерекше пайда әкеледі деген үміттеміз», – дейді Әлия Махтабекқызы.

Жоғары қарай