Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тараздық құтқарушылар суға ағып кеткен қызды аман алып қалды

2021 жылдың 2 тамыз 2021 03:33

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне Тараз қаласы маңындағы Шөлдала иіні аумағындағы ағыны қатты су арнасында әйел адамның суға ағып бара жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жеткен. Екі құтқарушы жедел түрде ағыны күшті суға секірген. Осылайша, Жомарт Кадыров және Ертай Телеубаев есімді құтқарушылар суға ағып бара жатқан азаматшаны судан құтқарып, жедел жәрдем қызметі жеткенше алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсеткен.

«Ал одан әрі жедел жәрдем қызметіне тапсырған. Қазіргі уақытта тиісті орган қызметкерлерімен әлгі судан құтқарылған азаматшаның жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Осылайша бір адамның өмірін құтқарған құтқарушылар одан әрі өзендер мен су көздерін аралап, суға шомылушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жалғастырды»,-делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті тұрғындарды суға шомылу кезінде қауіпісіздік шараларын сақтауға шақырады.


Жоғары қарай