Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Тараздағы блокпосттарды бақылауға атты әскерлер жұмылдырылуда

2020 жылдың 8 сәуір 2020 02:33

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында карантин режимі енгізілгеннен кейін, қалаға кіруге рұқсат алмаған автокөлік иелері төте жолдар арқылы өтуге тырысуда. Қалаға блокпосттарды айналып өту әрекеттерінің жолын кесу мақсатында атпен патрульдеу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атты әскери патрульдермен Тараздың айналасында қойылған блокпосттардың жұмысы күшейтіле түсуде. Жауынгерлік кезекшілікке «Оңтүстік»өңірлік қолбасшылығы тау-қорық бөлімшесінің әскери қызметшілері мен жауынгерлік жұмылдырылды.

Атты әскерлердің негізгі міндеті – Тараз қаласына апаратын ауыл жолдарын патрульдеу, тексерістен өтпеген автокөліктерді қалаға кіруге жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау.

- «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 91678 әскери бөлімі Таразға ат патрульдерін жіберді. Бұл Қазақстан Қарулы күштерінің құрамында әскери бірлік ретінде жылқылармен қамтылған жалғыз бөлімше. Тау-кен-қорықшы бөлімінің тұрақты орналасқан пунктінен Тараз қаласына отыз жауынгерлік ат қарастырылды. Оларды патрульдеу бойынша міндеттерді орындау кезінде ұстау үшін Тараз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің базасында қора салынып, жем-шөп жеткізу мәселесі шешілді,- дейді аталған бөлім командирі Еркін Жоламанов.

Жылқыларды басқару және олармен жауынгерлік кезекшілікті тәжірибелі әскери қызметшілері атқаруда. Олардың айтуынша бұл жануарлар үнемі үйретіліп, жауынгерлік дайындықтан өтіп отырады.

«Ат патрулінен басқа, Тараздағы жеті блокпосттардың әрқайсысында ішкі істер органдарының өкілдеріне көмек ретінде бір топ әскери қызметшілер тәулік бойы кезекшілік етуде. Сондай-ақ, біздің әскери қызметшілер әскери полициямен бірге қаланың ішінде жаяу тәртіп сақшысы қызметтерін атқаруда. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық оңтүстік аймағы бойынша көшелерді дезинфекциялық өңдеуге де атсалысуда», – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов.


Жоғары қарай