Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда ЖШС директоры 1,5 млн теңге пара үшін 45 млн теңге айыппұл төлейді

2020 жылдың 30 қазан 2020 13:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Тұрғын үй жөндеу – Тараз» ЖШС директоры 1,5 млн теңге пара алғаны үшін 45 млн теңге айыппұл төлейді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 қазанда Тараз қаласы № 2 сотының үкімімен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 10 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жедел аударғаны үшін компания директорынан 1,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген «Тұрғын үй жөндеу – Тараз» ЖШС директоры (мемлекеттің 100% үлесі, құрылтайшысы – Тараз қ. әкімдігі) С.Ж. Мырзалиев параның отыз еселенген сомасы, яғни 45 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл төлеу жазасына тартылды», - деді Д. Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Айта кетейік, екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 23 адамға қатысты 17 айыптау үкімі шығарылды, олардың 15-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Бас бостандығынан 7 адам айырылды, бесеуінің бас бостандығы шектелді, еселік айыппұл сомасы 80 млн теңгеден астам еселік айыппұлдарға 10 адам тартылды. Сонымен қатар, жымқыру фактілері бойынша - 4, алаяқтық үшін – 3, пара бергені үшін - 3, пара алғаны үшін – 10 және құжаттарды бұрмалағаны үшін 2 адам жазаға тартылды.


Жоғары қарай