Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда жазасын өтеуші түрме қызметкеріне пара ұсынған

2020 жылдың 26 қараша 2020 14:47

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда сотталған азамат түрме қызметкеріне пара ұсынғандығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таразда сотталған азаматтың түрме қызметкеріне пара беру дерегі анықталды. Бұл туралы аталған өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеуші аталған мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу жасағының бастығы Жансерік Бейсенбековке 10 мың теңге көлемінде пара ұсынып жатқан жерінде қолға түсті.

«33 жастағы бас бостандығынан айырылған азамат сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған ұялы телефонды кіргізуге рұқсат етуі үшін осындай қадамға барған. Ол ақшаның қалған бөлігін Kaspi Gold арқылы аударатынын жеткізген. Сөйтіп, ол тағы бір қылмыс жамап алды. Қазіргі таңда оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.



Жоғары қарай