Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Таразда үш жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:05

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында төртінші қабаттағы терезеден құлап түскен үш жасар бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық ТЖД-не сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 3 маусымында сағат 20:20-да Тараз қаласындағы Сәтбаев көшесінің № 26 үйінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылғы бала абайсызда төртінші қабаттағы терезеден құлап, ауруханаа жеткізілді.

Оқиға орнына Жамбыл облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері, жергілікті полицейлер келіп жетті.

«Азаматтық қорғаныс органдары тарапынан балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша өткізіліп отырған шараларға қарамастан, мұндай жағдайлар жиілеп кеткен. Еске сала кетсек, биыл бұл осыған ұқсас төртінші оқиға. Облыстық ТЖ департаменті өз кезегінде ересектердің балалар қауіпсіздігіне, оларды қараусыз қалдыруға болмайтынына назар аудартады», - делінген ТЖ департаменті таратқан хабарламада.


Жоғары қарай