Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда түрмеге жолданған тіс жуатын пастаның ішінен гашиш табылды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 08:36

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз қаласында түрмедегі азаматқа жолданған сәлемдемеден күдікті зат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алды. Ерекше режимдегі мекеменің ережесін бұзғандар сәлемдеме жолдау арқылы жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері қамаудағыларға келіп түскен сәлем-сауқатты тексеру барысында күдікті затты байқап, оны жіті тінту кезінде 2 тіс жуатын пастаның ішінен барлығы 8 пластикалық түтік тауып, олардың ішінде қою қоңыр түсті, өсімдік тектес иісті зат бар екендігін анықтаған. Атаулы сәлемдеме бұрын сотты болған Ш есімді азаматтан мекемедегі жазасын өтеушінің біріне жолданған»,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сот-сараптамалық талдаудың қорытындысына сәйкес, күмәнді зат 17 грамм «гашиш» есірткісі екендігі анықталып отыр. Қылмыстық дерек бойынша оқиға орнына Тараз қалалық 1-ші полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылып, заңды бұзған азаматты ары қарай тиісті жазаға тарту үшін жұмыстар жүргізілуде.


Жоғары қарай