Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда пробация есебінде тұрғандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

2021 жылдың 21 ақпан 2021 20:37

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты пробация қызметі, облыстық прокуратура және Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек» нәтижелі халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып өткізілген жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту.

Жалпы, шарада 18 жұмыс берушілер 44 тұрақты жұмыс орнын ұсынса, тоғыз жұмыс беруші www.enbek.kz сайты арқылы 24 бос жұмыс жұмыс орнын ұсынды.

Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы Әділет Ермановтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін прокуратура және жұмыспен қамту орталығымен бірлесе жүргізілген жүйелі жұмысқа сәйкес есепте тұрған бірқатар азаматтар жұмыспен қамтылған.

«Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар бүгінгі жәрмеңке барысында ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріне лайықты жұмысты қарап, жұмысқа орналасып кетеді деп ойлаймын. Жалпы, жұмыспен қамту орталығымен бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде облыс бойынша 620 сотталған азамат жұмыспен қамтылған. Ал бүгінгі жәрмеңке барысында есепте тұрған тағы да 22 азамат түрлі жұмыстарға жолдама алды», – деді Ә. Ерманов.


Жоғары қарай