Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйел құтқарылды

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 14:28

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық полицей биік мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының кезекші бөліміне «102» телефонына хабарлама түсіп, қоңырау шалушы облыс орталығындағы 15 шағын ауданның аумағында белгісіз әйел биік құрылыс кранынан секірмек болып жатқанын айтқан.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу аттанған патрульдік экипаж құрылыс кранының ең биік жерінде отырған әйелді көреді. Полиция қызметкерлерінің бірі ойланбастан кранға тез көтеріліп, әйелді өміріне қауіп төндіретін әрекетті жасамауға шақырған. Ұзақ жүргізілген сөйлесуден кейін, полицей оны көндіріп, төмен түсуіне көмектескен. Тәртіп сақшылары әйелдің мас күйде болғандығын анықтады. Полицейлер оны көрсетілген мекенжай бойынша үйіне апарып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай