Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Таразда коронавирус жұқтырған адам анықталды деген ақпарат жалған – полиция

2020 жылдың 17 наурыз 2020 23:55

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Тараз қаласында коронавирус анықталғандығы туралы тараған ақпарат жалған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«WhatsApp» мессенджерінде «Таразға Мәскеуден ұшып келген ұшақтағы әйелден коронавирус табылды», сондай-ақ «Алтыншы шағынауданда бір отбасының 6 баласымен карантинге қамап қойыпты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, полиция департаменті азаматтарды жалған хабарламаларды таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

«Жалған ақпаратты, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік заңмен белгіленгенін ескертеміз. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес «Бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату» үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады»,-дейді ПД жазбасында.


Жоғары қарай