Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда қоғамдық орында қорқор тартқан 23 адамға айыппұл салынды

2020 жылдың 5 желтоқсан 2020 07:44

ТАРАЗ.ҚазАқпарат – Таразда қоғамдық орында кальян шеккені үшін 23 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараздық полицейлер ойын-сауық мекемелерінде рейд өткізді.

«19 ойын-сауық мекемесін тексеру барысында ҚР Әкімшілік кодексінің 441-бабы бойынша 23 заңбұзушылық анықталды. Ол үшін 15 АЕК айыппұл қарастырылған. Көңіл көтеру мекемелерінің иелеріне қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен кальянды пайдалануға тыйым салу туралы ескерту парақтары таратылды» делінген хабарламада.

Рейд барысында полицейлер қоғамдық орында кальян шегуге тыйым салу туралы ақпарат парақтарын таратты.

Сонымен қатар Тараз қаласындағы кафе-барлардың әкімшілігіне Әкімшілік құқық бұзу кодексінің бірқатар баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік бар екенін ескертті.




Жоғары қарай