Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Таразда қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданады

2020 жылдың 2 маусым 2020 16:18

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таяу күндері Таразда қоғамдық көліктің қызметін қайта жандандыру жоспарланып отыр. Тиісті шешімді облыстық жедел штаб қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол үшін тасымалдаушы компаниялар маршрут автобустары мен парктерді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруі керек. Осыдан кейін ғана автопарктер қызметін қайта бастауға рұқсат ала алады.

Атап айтқанда, автобус салонына медициналық бетперде киген жолаушылар ғана кіру тиіс. Жолаушылардың арақашықтығы кемінде 1 метр болуы керек. Салонның толтырылуы 50 пайыздан аспауы тиіс.

Автопарктер әкімшілігі персоналға жеке қорғану құралдарын пайдалану бойынша нұсқау беруді, дене қызуын өлшеу бойынша күнделікті медициналық тексеруді ұйымдастыруы қажет. Жіті респираторлық инфекция белгілері бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

Сондай-ақ, маршруттың аяқталуы бойынша аялдау кезінде автобус салонын барынша желдету, дезинфекциялық сүлгі немесе ерітіндіімен терезе, тұтқаларды, орындықтарды және өзге де тұстарды сүрту керек.

Ауысым аяқталғаннан кейін қоғамдық көлік міндетті түрде дезинфекциялануы тиіс. Аялдама кешендерін, автопарктерді өңдеу күніне кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс.

Арнайы мониторинг топтары осы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды.


Автор Жанғазы Ахметов
Басты сөздер: Көлік, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай