Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Таразда граната жұмысшының қолында жарылып кетті

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 04:15

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында қалпына келтіру жұмысы барысында жұмысшы граната тауып алып, оны қолына ұстаған кезде жарылып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылғы 4-6 қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік барысында Жамбыл облысы полиция 4 ғимараты зақымдалды.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғимараттарды қалпына келтіру жұмысы басталмас бұрын мердігерлермен және осы ұйымдардың жұмысшыларымен объектілерде кезекшілік ететін полицейлерге қару, оқ-дәрі немесе арнайы құралдар табылған кезде хабарлау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

«Алайда, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымның жалдамалы жұмысшысы Тараз қалалық полиция басқармасының ғимаратында жарық-шулы гранатаны тауып алып, ескертулер мен талаптарды орындамай, қауіпсіздік техникасының ережелерін елемей, өз қызығушылығымен қолына ұстаған»,-делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, жарық-шулы гранатасы жұмысшының қолында жарылып, бірнеше саусағын жұлып алған.

Осыдан кейін ол шұғыл түрде Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалған.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Оқиға, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай