Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды

2021 жылдың 29 шілде 2021 04:50

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында дрифт әуесқойы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Тараз қаласының полицейлері ВАЗ21703 маркалы көлік жүргізушісінің Жәнібек пен Керей хан ескерткіштеріне жақын жерде дрифт жасаған видеоны анықтады.

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көп ұзатпай көлік жүргізушісін ұстады.

«Облыс орталығының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінсіз көлік құралын басқару), Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 630-бабы 1-бөлігі ( Жолдарды бүлдіру), 596-бабы 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру) бойынша әкімшілік

жауапкершілікке тартылды»,- делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлері экстремалды жүргізуді ұнататындарға ойланбай істелген әрекеттер қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетер болсақ, тәртіп сақшылары күн сайын түрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді.


Жоғары қарай