Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда «Antikor ortalygy» ашылды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 21:52

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда «Antikor ortalygy» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аntikor ortalygy» – ҚР Президенті Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан нысанның бірі.

«Бұл орталық халықтың ашық алаңына айналып қана қоймай, еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылу бағытында үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар, облыстық құқық қорғау, мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызмет ардагерлері, арнайы мониторингі топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.




Айта кету керек, бұл Қазақстан бойынша ашылған орталықтардың он екіншісі. Орталықта департаменттің Превенция басқармасының маманы және процессуалдық офицер ашық форматта күнделікті жұмыс атқарады. Сонымен қатар мұнда «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, арнайы мониторинг топ және үгіт-насихат штабы мүшелеріне жұмыс орны қарастырылған.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында ғимаратта департаменттің баспасөз орталығы орналастырылған.











Жоғары қарай