Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Таразда 69 жастағы тұрғыннан коронавирус анықталды

2020 жылдың 3 сәуір 2020 00:40

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус дертін жұқтырған жаңа жағдайға қатысты мәлімет жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облысында коронавирустың алтыншы дерегі тіркелді.

«Науқас Тараз қаласының 69 жастағы тұрғыны. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауру адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған. Бұған дейін вирус анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы»,-деп жазылған ведомство хабарламасында.

Одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.


Жоғары қарай