Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда 6 жасар бала оныншы қабаттан құлап қайтыс болды

2020 жылдың 25 шілде 2020 20:05

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Тараз қаласында 6 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол туралы облыс облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылдың басынан бері Тараз қаласында 5 бала терезеден құлап кетті. Олардың төртеуі тірі, алайда соңғы оқиға қайғылы жағдайға алып келді. Атап айтсақ, 25 шілдеде алты жасар бала ата-анасының қараусыз қалып он екі қабатты тұрғын үйдің 10-қабатының терезесінен құлап, сол жерде қайтыс болды», - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Сәуле Мұңатаева.

Сондай-ақ, департамент мамандары тұрғындар мен ата-аналарды сақ болуға шақырып, терезелерге қорғаныс торын орнатуды керектігін ескереді.

«Бала терезені өзді аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторларды орнатыңыздар! Ешқашан шыбын-шіркей торына сенім артпаңыздар! Олар қорғамайды. Керісінше, масаларға арналған тор қайғылы жағдайға әкеліп соғады. Өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, оған сүйенуге ұмтылады. Көбіне балалар осы тормен бірге құлайды. Жазда ыстықта көптеген ата-ана ашық терезе бала үшін қауіпті екенін ұмытып кетеді. Барынша сақ болған жөн»,-делінген ведомство хабарламасында.

Автор Қажы Мұрат
Басты сөздер: Оқиға, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай