Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда 58 жастағы қала тұрғынын ұрып, тонаған жас жігіт ұсталды

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 23:52

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Тараз қаласының 10-шағын ауданындағы бейнебақылау камерасы арқылы қатыгездікпен кісі тонаған 23 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Тараз қаласындағы Аса шағынауданындағы үйдің кіреберісінде 58 жастағы тұрғынға жасалған қатыгез шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған болатын.

«Қатты мас болған жәбірленушінің дәрменсіз күйіне қарамастан, қаскүнем оны аяусыз ұрып-соғып, тонаған. Тонаушы ұялы телефон және 10 000 теңге сомасындағы ақшаны иемденген. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтады. Күдікті кінәсін мойындады.

Ұсталған азамат бұзақылық жасағаны үшін бұрын сотты болған.

Қазіргі уақытта ол Тараз қаласындағы уақытша изоляторға қамалды.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Оқиға, Заң, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай