Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда 3 жасар бүлдіршінге қатыгездік танытқан балалар үйінің тәрбиешісі жазаланды

2019 жылдың 29 қазан 2019 22:00

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараздағы балалар үйіндегі үш жасар балаға қатігездік танытқан тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

54 жастағы келіншек енді екі жыл бойы педагогикалық қызмет істей алмайды. Бұдан бөлек мемлекет қазынасына қомақты айыппұл төлемек.

«Тәрбиеші өз кінәсін толық мойындап, тергеу ісіне көмектесті. Сот барысында осы жағы ескерілді. Сондықтан оған 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Оның егде жасқа келген ескеріліп, қаладағы қоғамдық жұмыстарға жегілмейді. Оның үстіне денсаулығы жарамайтыны белгілі болды»,- деді облыстық Кәмелетке толмағандардыңт істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тахмина Сұлтанова.

Еске сала кетсек, 8 қазанда Тараздағы «Үміт» бөбектер үйі тәрбиешісінің жетім баланы жазалап жатқан сәтіндегі бейнежазба желіге тараған болатын. Әлеуметтік желіде үлкен талқыға түскен бейнежазбада 30 жылдық өтілі бар 54 жастағы тәрбиеші жылаған баланы жұбатудың орнына, аяғынан көтеріп, басын салбыратып, бірнеше рет жұлқылағаны түсіп қалған. Дәрігерлерлер баланың денесіне ешқандай қауіп келмегенін анықтады. Дегенмен сараптама арқа бөлігіне аздаған зақым келгенін көрсетті. Оқиғадан кейін тәрбиешінің үстінен тексеріс басталып, жұмысынан уақытша шеттетілді. Енді сот үкімінен кейін қызметінен біржолата шығарылады.

Кейін 3 жасар бүлдіршіннің анасы бар екені белгілі болған. Ол осыдан екі жыл бұрын асырай алмағандықтан некесіз туған баласынан бас тартқан.

Сондай-ақ, «Үміт» бөбектер үйінің басшысы жауапкершілік жүктелді. Оны тәртіптік жазаға тарту үшін облыс әкімдігінің атына жеке қаулы шығарылды. Айта кетерлігі, аталған «Үміт» балалар үйінде 64 тастанды бала тәрбиеленуде.

Автор Қажы Мұрат
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Сот, Оқиға,
Жоғары қарай