Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда 29 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдікті ұсталды

2020 жылдың 5 тамыз 2020 14:08

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 шілде күні таңғы сағат 02.10 шамасында Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына 29 жастағы ер адам түсіп, алған пышақ жарақатынан қайтыс болды. Белгілі болғандай, жанжал туындаған кезде бейтаныс адам жәбірленушінің кеудесіне пышақ салған. Тараз қалалық полиция басқармасының № 2 полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті ретінде Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады»,-делінген ведомство хабарламасында.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовтың айтуынша, қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Жоғары қарай