Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда 150 адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды

2021 жылдың 21 сәуір 2021 10:34

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында полиция қызметкерлері 150-ден астам адам шақырылған үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы аумағындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделі болуына байланысты карантин шараларды күшейтілген болатын. Мобильді топтар мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуге салынған шектеуің сақталуы бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуына бақылау жүргізіп келеді.

Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қаладағы тойханалардың бірінде 150-ден астам қонақ шақырылған үйлену тойын өткізу дерегін анықтады.

Тойды ұйымдастырушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материал жиналды және бас санитарлық дәрігердің талабын бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін СЭС-ке жіберілді.

«Облыстың барлық тұрғындарын азаматтық парызын көрсетуге және адам көп жиналатын орындарға бармауға, жеке қорғаныс құралдарын алып жүруге және жақындарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында әлеуметтік қашықты сақтауға шақырамыз», - делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



Жоғары қарай