Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тараз тұрғыны жасырын ойын бизнесін ұйымдастырған

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 09:38

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда жасырын ойын орны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Тараз қаласының аумағында жасырын ойын мекемесінің ҚР заңнамасының талаптарын бұзып, лицензиясыз жұмыс істегенін анықтады.

Қылмыстық әрекеттің жолын кесу мақсатында қызметкерлер жасырын бақылап, сатып алу арқылы М.В. Скориктің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегін әшкереледі.

Жасырын ойын мекемесін тексеру барысында 31 компьютер, 4 ойын автоматы, ақша тәркіленді.

Тараз қалалық №2 сотының үкімімен аталған азамат ҚР ҚК 307-бабы 1-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.


Басты сөздер: Оқиға, Заң, Жамбыл облысы, Сот,
Жоғары қарай