Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тапсырмаларымды орындауда абсолютті орындаушылықты талап етемін - Тоқаев

2020 жылдың 10 сәуір 2020 17:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оза шабу, бөркін аспанға ату елдің болашағы үшін ауыр салдардың қайталануына әкеп соғады. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оза шабу, бөркін аспанға ату елдің болашағы үшін ауыр салдардың қайталануына әкеп соғады. Қазір, бұрын-соңды болмаған Үкімет ішіндегі, сонымен қатар Үкіметтің әкімдіктермен өзара іс-қимылы талап етіледі. Мен атқарушы биліктен шешімдерді әзірлеу және қабылдау барысында байыптылықты, тапсырмаларымды орындау кезінде абсолютті орындаушылықты талап етемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Премьер-Министр бастаған Үкімет мүшелері, әкімдер қауырт жұмыс істеп жатқандығын баса айтты.

«Жұмыс қарқынын төмендетуге, оған қоса алғашқы оң нәтижелерге қанағаттануға болмайды», - деді ҚР Президенті.


Жоғары қарай