Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тапсырма орындалады – Аймағамбетов Президенттің жаңа пәнді енгізу міндеттемесі жайлы

2020 жылдың 11 шілде 2020 16:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізу тапсырмасы міндетті түрде орындалатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президенттің тапсырмасы бар. Бұл тапсырма міндетті түрде орындалады. Әдістемелік көзқарас, жалпыға ортақ мемлекеттік стандарт, бұл міндетті дұрыс орындау, ғылыми амал-әдіс тұрғысынан әріптестеріміз тиісті шешімді әзірлеуде. Яғни оқу жоспары мен оқу бағдарламасының ғылыми негіздемесі болуы керек. Баланың ақпаратты қабылдау жасына байланысты талдау жасалады. Көптеген фактор зерттеледі. Осыған байланысты ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміз бұл мәселемен айналысуда», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Ал осы мән мектеп бағдарламасына биыл енгізіле ме? Бұл сұраққа жауап берген министр ең алдымен жүктелген міндет сапалы іске асырылуы керектігін айтты.

«Осынау өте дұрыс идеяны сапалы түрде жүзеге асыру керек. Бұл тұрғыда кез келген педагог тиісті кадр, бағдарлама, оқулықтар керектігін біледі. Сол үшін ең алдымен міндеттің дұрыс орындалатынына баса маңыз береміз», - деді ол.

Еске сала кетсек Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына «Балалардың экологиялық білімі» атты жаңа пән енгізуді тапсырған болатын.

«Бізге қазіргі уақытта қоғамдық көзқарас тұрғысынан маңызы артып келе жатқан экология проблемасымен айналысу керек. Жыл сайын 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық жиналып қалады. Олардың 15 пайызы ғана өңделуде. Бұл - жеткіліксіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920